$ 443.85  474.3  4.8

Оралда мұғалім мектептегі концерт кезінде қайтыс болды

Оралда №14 орта мектептің акт залында мұғалім қайтыс болды деп жазады «Мой ГОРОД» порталы.

Марқұм болған Ольга Ильясованың денсаулығы бұған дейін де жиі сыр беріп жүрген екен. Ол дәрігерге жиі көрініп жүрген.

«Екінші сынып оқушылары ән айтып тұрған. Кенеттен ол құлап қалды. Балаларды сыртқа шығардық. Жедел-жәрдем келгенше мұғалімімізден айырылып қалдық», – дейді №14 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мади Қыдырбай.

Ол бұл мектепте 35 жылға жуық қызмет етіпті.

«Ол директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болған. Өзі де осы мектепті бітірген. Бірінші деңгейлі оқытушы еді», – дейді Мади Қыдырбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары