27.04.2018, 12:21

СІМ басшысының орынбасары Қазақстанның Канададағы елшісі болып тағайындалды

Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Канададағы елшісі болып тағайындалды деп мәлімдейді Ақорда.

"Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында. Мемлекет басшысының Өкімімен Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz