$ 498.34  519.72  4.85

Таразда суицид жасамақ болған қызды діндар жігіт құтқарып алды

Тараз қаласында дін жолындағы азамат өзін өлтіруге оқталған бойжеткенді құлағалы тұрған жерінен ұстап қалған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

«Биіктен секіріп кетемін» деп қиғылық салған студентті райынан қайтаруға құзырлы орын өкілдері мен оқу орнының басшылығы жұмыла күш салғанымен, түк шықпаған. Қайта керсінше, адам жақындаған сайын бойжеткен ғимарттың қиыр ұшына жылжып, жағдай ушыға берді. Тек келіссөзге медресе шәкірті кіріскенде ғана өмірден баз кешкен 19 жастағы қыз сабырға келгендей көрінді. Осы сәтті тиімді пайдаланған дін жолындағы азамат оны шап беріп ұстап алған. Медицина  колледжінің төртінші курс студентінің мұндай қадамға не үшін барғаны қазір анықталуда. Ел арасында Арайлым Өмірзақ өгей әкесімен ренжіскен немесе жігітімен ұрысып қалған деген болжам айтылуда. Ал оны ажалдан арашалап қалған азаматқа жұрт тік тұрып қошемет көрсетті. Ол медреседе діни сауатын ашып жүрген Мойынқұм ауданының тұрғыны екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары