$ 439.43  473.31  4.82

Жамбыл облысында автобус аударылып, 3 адам қаза тапты

Батыс Еуропа-Батыс Қытай күре жолының Жамбыл облысы аумағындағы бөлігінде болған жол апатының мән-жайы анықталды деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, өткен сенбі күні Қордай ауданындағы Соған ауылы төңірегінде «Mersedec Sprinter» маркалы шағын автобус аударылды. Оның салонында бір жүргізуші мен 18 жолаушы болған. Үш адам қаза тапты, қалғандары Қордай аудандық ауруханасына және Гвардейский кентіндегі медициналық-санитарлық бөлімге жеткізілді.

Анықталғандай, автобуста болғандардың екеуі - Қазақстан, қалғандары Өзбекстан азаматтары. Олар Алматыға нәпақа табу үшін бара жатқан. Ажал құшқандардың біреуі қазақстандық, ал екеуі - өзбекстандық.

Mersedec Sprinter автобусы шымкенттік тасымалдаушыларға тиесілі.

«Соталды тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары