$ 498.34  519.72  4.85

Нью-Йоркте орысша сөз бастаған Данияр Елеусіновтен аудармашы қазақша сөйлеу керегін түсіндірді (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатына қатысты. 28 сәуір күні ол кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Баспасөз мәслихатын Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн жүргізді. Ол алдымен қазақстандық боксшыны таныстырды. Одан кейін қазақстандық боксшыға сөз берді. Елеусінов өз ризашылығын ағылшын тілінде жеткізді. Эдди Хирн болса, тағы қазақша тілек білдіруді өтінді. Осы кезде Данияр сәл сасып қалып, орысша сөйлей бастады. Бірақ жанында тұрған аудармашы оған қазақ тілінде сөйлеу керектігін түсіндірді.

«Мен өте қуаныштымын. Бүгін баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Ертең, сенбі күні бірінші жекпе-жегіме шығамын. Бүкіл қазақ халқын қуантып, жеңіске жетемін деп үміттенемін. Әлем чемпионы болсам деймін. Барлықтарыңызға рақмет! Жанкүйер болыңыздар!», – деді Д.Елеусінов.

Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің қарсыласы – америкалық Ноа Кидд. Олардың жекпе-жегі Дэниэла Джейкобс мен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында өтеді. Бокс кеші Barclays аренада болады.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары