25 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Көктебе ауданына қарасты Сұлукөл ауылында ата-ана қарауынсыз қалған екі бала қоқыс төгетін орға түсіп тұншығып өлген деп жазады «Мой ГОРОД».
«Кішкентай қыз бен бала далада ойнап жүрген. Оларды жоғалтқан туыстары ауылда іздеу шарасын бастаған. Сөйтіп, кешкі сағат 8 шамасында олардың денесі көрші ауладағы қоқыс төгетін ордан шыққан», – деді БҚО Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров.
Қайтыс болған сәбилердің бірі – 3, екіншісі – 5 жаста. Екеуі екі үйдің баласы болып шықты. Енді оларды қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылатын болады.