28.04.2018, 08:42

Оралда тұрғын үй маңынан әйел адамның денесі табылды

 

Оралда көпқабатты үйдің бірінде 14-қабаттан әйел құлап түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қайғылы оқиға Достық даңғылында орналасқан үйлердің бірінде болған.

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен прокуратура келіп тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта аймақ қоршауға алынды.

«Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі қараушы мамандар да келді. Куәгерлерден сұрау алынып жатыр», - деп мәлімдеді БҚО ІІД өкілі Манарбек Ғабдуллин.

Көрішілері әйелдің ішімдікке салынған еркекпен бірге тұрып келгенін айтады. Оның өзіне қол салуы мүмкін емес дейді олар. Әйелдің бір ұлы бар екен, ол әскери міндетін өтеуге кеткен.