$ 494.87  520.65  4.91

"Атылып өлейін бе?": Әкімдік жерін тартып алғалы жатқан ақтөбелік кәсіпкердің жанайқайы

Хромтау ауданының әкімдігі кәсіп ашқан ақтөбеліктің жерін тартып алмақ деп жазады Aktobenews.kz

Хромтау ауданында ақтөбелік тұрғын Владимир Поляков жеке кәсіп ашқан. Пәтерін кепілдікке қойып, банктен 50 миллион теңге несие алған. 100 бас мал сатып алып, 370 гектар жерді жыртуға дайындап қойған. Алайда, тексерістің нәтижесінде оған жердің заңсыз берілгендігі анықталды.

«2-3 жыл бұрын жерді заңсыз берген, әкімдік жерді кейін тартып алмақ. Егер ол қателік жасаса, түсінемін. Бірақ қолындағы құжаттардың бәрі дұрыс. Иә, барлық жер аукцион арқылы берілуі керек. Бірақ кәсіпкер кінәлі емес қой. Енді ол маған келіп, «мен не істеймін? Атылып өлейін бе?» дейді. Ол қыруар ақша құйды ғой», — деді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов.

Ол тығырықтан шығудың басқа амалын ұсынды. Жерді өрескел қателікпен берген әкімді жауапкершілікке тартуға шақырды.

«Жарайды, жерді қайтарып алды делік. Онда кәсіпкер көрген шығынның бәрін әкімдік қайтарсын. Өйткені мұнда кәсіпкердің қателігі жоқ қой», — деді бизнес-омбудсмен.

Болат Палымбетов кәсіп ашып, ауылды көркейткісі келген азаматқа қиянат жасалып жатқанына таңғалысын жасырмады.

«Бір ауылдың адамдары ғой. Әлде ғарыштан келіп түсті ме? Жер көлемі бойынша әлемде 9 орында тұрмыз деп айтамыз. Құдайға шүкір 2,7 миллион шаршы километр жеріміз бар. Жер жетпегеннен бір кәсіпкерден жерді тартып алып, «жер үкіметке керек» деген нәрсені түсінбеймін», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары