29.04.2018, 03:38

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін теxникалық нокаутпен бастады (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді деп жазады Tengrinews.kz.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Нью-Йорктегі "Барклайс" аренасында өтіп, кештің басты кездесуі - орта салмақтағы америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен поляк Мацеей Сулецки (26-0, 10 КО).  

Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раунда аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді. 

22 жастағы Кидд карьерасында тұңғыш рет жеңіліп отыр - мұның алдында ол үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен еді.