$ 494.87  520.65  4.91

Сахнаға айқайлап келетіндер болды: Қайрат Нұртас Төреғали сияқты сөз таластырмай, халықты күліп жеңетінін айтты (ВИДЕО)

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Төреғали Төреәлі сияқты халықпен ұрсыспайды. Ол ауыр сөзге жылы жүзбен жауап беріп, көңілін аулауға тырысады.

Қалың қарашамен салғыласып, ұрысудың орынсыз екенін өнер иесі жақсы біледі.

«Біреулер сахнада тұрып айқайлап келген кездер болды. «Кеш қалай болды?» деп сұрағанда «онша емес» дегендер де болды. Сон жанына барып, «неге ұнамады? Онда мен келісі әнімді сізге арнайын. Қандай ән ұнайды сізге? Қосылып айтайық?» деп алдап жіберсең, ол бір ашылып, жақсы боп қалады», – деді Қайрат Нұртас телеарнаға берген сұхбатында.

Еске салайық, Төреғали Төрәлі былтыр Қарағандыда өткен концертте ақсақалға тіл тигізгені үшін басы дауға қалған. Кейін әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрағандай болды. Бірақ жұрт оны кештегі қылығы үшін әлі күнге сөгіп келеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары