Америка құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қазақтың ұлттық биі қара жорғаға биледі. Видео елшіліктің реси парақшасында жарияланды.
«Би мен музыканың тілі - бір! Би - ойды, көңіл-күйді, мәдениетті білдіру. Бүгін Халықаралық би күні! Билеңдер, достар!», - деп жазылған видеоның астында.
Джорд Крол жыл сайын қазақ елін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін мемлекеттік тілде құттықтап, көптің ықыласына бөленген.