$ 449.58  486.94  4.86

Оғызды «өгіз» демеңдер! Белгілі журналист Доғанды сынағандарға жауап берді

Қазақ тілі үшін күресіп жүрген түрік азаматы Оғыз Доған жайлы соңғы кездері алып-қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Белгілі журналист Бағдат Батықұлы Доғанды сынағандарға былай деп жауап берді. 

«Оғызды «өгіз» демеңдер. Оғыз – сенің бабаң. Қорқыт қандай бабаң болса, Оғыз да сондай бабаң. «Доған» деген сөз де – сенің тілінде. «Туған» деген сөз. Иван деген сөз», - деді журналист өзінің Facebook-парақшасындағы жазбасында. 

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Астана қаласындағы «Сары-Арқа» банк бөлімшесінде Оғыз Доған өзіне қазақша қызмет көорсетпеген қызметкерлерді видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Содан кейін БАҚ құралдары бұл ақпаратты жарыса жазып, соңы дауға айналған. Кейін банк қызметкерлері Оғыз Доғаннан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары