$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында құдалыққа бара жатқан адамдар жол апатына ұшырап, төртеуі қайтыс болды

Ақмола облысында құдалыққа баражатқан 4 адам жол апатынан ажал құшты деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

 Жол-көлік оқиғасы «Астана-Қорғалжын» тасжолының 97 шақырымындағы Жантеке аулының маңында орын алған. JAC М5 маркалы көлікті тізгіндеген 38 жастағы астаналық тұрғын рульді басқара алмай қалған. Салдарынан көлік жыраға түсіп кеткен. Апат салдарынан Щучинск тұрғыны, Целиноград ауданы Воздвиженка ауылының екі тұрғыны және Астана тұрғыны мерт болды.

«Апат салдарынан 1965, 1967 және 1955 жылғы үш әйел, 65 жастағы бір ер адам ажал құшты. Сонымен қатар тағы екі жолаушы Астана қалалық ауруханасына жеткізілді. Көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ», – деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлікте болған жолаушылар құдалыққа бара жатыпты.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (Адам өліміне соқтырған көлік құралын пайдалану ережесін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары