Жасөспірім қыз үшінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілдідеп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.
"1 мамыр күні 19:15-те Нұрсая шағын ауданындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатында 2005 жылы туған қыз байқаусызда терезеден құлап кеткен. Зардап шегуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", — деп хабарлайды ТЖК.
Комитет еске сала кеткендей, ата-ана қауіпсіздік шарасын ескеріп, балаларын қараусыз қалдырмағаны жөн.
Дереккөз: Sputniknews.kz