$ 498.34  519.72  4.85

Ерке Есмахан: «Ұлым дүниеге келгелі көлікті жай жүргізетін болдым»

Танымал эстрада әншісі Ерке Есмахан ұлы Мүсілім дүниеге келгелі өміріне жауапкершілікпен қарай бастаған. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазды.

«Бала күнімде нағашы апамның үйі біздің үймен көрші тұрды. Апамның қайын сіңлісі жигули айдап жиі қонаққа кеп тұратын. Рөлдегі тәте бәрімізге марс ғаламшарынан келген бөлек адам боп көрінетін еді. Ол кезде көлік жүргізетін әйел мүлде болмайтын еді ғой… Көлік жүргізу қыз-келіншекке ерсі, мәдениетсіз, тіпті ұят боп көрінетін.

Бертін келе әйелдер қауымы жаппай көлік тізгінін ұстай бастады. Заман тез өзгереді. Өзім де 10 жылдан бері рөлдемін. Бұрын жылдамдықты асырғанды, жолда жарысып жүргенді ұнататынмын. Муслим дүниеге келгелі балам үшін өз өміріме сақтықпен қарайтын болдым ба, білмеймін, жылдамдық асырмаймын… Жол ережесін бұзбаймын. Жолдағы қателіктер талай жанның өмірін өзгертті… Өзіме де, өзгелерге де қателігімнің кесірі тимесін деп “сауатты жүргізуші” болуға тырысамын.

Қазір көліксіз адамды елестету мүмкін емес. Керісінше, көлік жүргізбейтін адам сирек. Көлік болмаса, тіршілік бітпейтіндей… Мен танитын барлық таныс қыз-келіншек, құрбы, көршілер түгел көлік тізгінін ұстаған екен. Ал сіз ше?! Жалпы әйел адамның көлік жүргізуіне көзқарасыңыз қалай?» – деп сұрады ол оқырмандарынан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары