$ 494.87  520.65  4.91

Индира Расылхан жұрттан жасырынған күйеуін бірінші рет көрсетті

Белгілі әнші Индира Расылхан көптен бері жұрттан жасырып жүрген күйеуін көрсетті. Ол өзінің Instagram-парақшасына күйеуі екеуінің суретін жүктеп, өзінен «күйеуіңіз бар ма?» деп жиі сұрайтындарға осылай жауап берді.

«Менің отбасымның ұйытқысы. Бала-шағамның әкесі. Алдап түсіріп алдым, кешке таяқ жеймін», - деп жазды Индира өз парақшасында.

Айта кетсек, өткен жылы ел арасында Индира Расылхан күйеуімен ажырасып кетті деген әңгіме тараған болатын. Содан кейін әнші күйеуі туралы айтып, тіпті сол үшін фильм түсіріп жатқанын да хабарлаған болатын. Ол Астана қаласындағы үлкен мейрамханалардың бірінде аспазшы болып істейді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары