20.04.2018, 10:31

Алмалы ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты Жол қартасы талқыланды

Алматы қаласы Алмалы ауданында қала әкімдігімен егде адамдарды белсенді өмірге тарту, олардың әлеуетін тиімді пайдалану, ұрпақтар үндестігін қалыптастыру, аға ұрпақты қолдау мақсатында құрылған «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты Жол картасы талқыланды. Аталған жаңа бағдарлама қаламыздың егде тартқан азаматтарына жағымды орта құру мақсатында құрылған.

Дөңгелек үстел Алмалы ауданы әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге ұйымдастырылды.

Жиын басында жиналған ардагерлер мен зейнеткерлерге аталған «Белсенді ұзақ өмір сүру» Жол картасымен танысу үшін «Денсаулық - зор байлық» кітапшасы таратылып берілді.

Шара барысында аға буын өкілдерінің ұзақ өмір сүруі, денсаулықтарын қалай шыңдап сақтауға бағытталған «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы жайында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің жетекшісі Ералиева Гүлмира, «Белсенді ұзақ өмір» ҚҚ президенті Гүлшара Урмурзина, аудандық ардагерлер кеңесінің Президиум мүшесі Раиса Агабабаева, аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің ардагерлер денсаулығын сақтау бойынша қоғамдық комиссия төрағасы Кеңес Исанов; аудандық ардагерлер кеңесінің спорт және денешынықтыру бойынша қоғамдық комиссия төрағасы Владимир Радоснов; ауданның ардагерлер шығармашылығы тобының мүшесі Валентина Носуленко сөз сөйледі.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасының басты бағыттары - зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, 60-тан 80 жасқа дейінгі азаматтардың толыққанды өмір сүруіне, физикалық және әлеуметтік денсаулығына жағдай жасау.

Талқылау барысында зейнеткерлік жастағы адамдардың проблемаларына қоғамның назарын аудару, ұрпақтардың сабақтастығы үшін жағдай жасау, зейнеткерлердің интеллектуалды әлеуетін дамыту, қоғамдық бағдарламалар туралы хабардар болу және әлеуметтік нысандардың бар болуы туралы мәселелер көтерілді.

Дөңгелек үстел спикерлері ардагерлердің денсаулығының әлеуметтік аспектілері, ардагерлердің денсаулығы жөніндегі қоғамдық комиссияның басым бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды, бұл белсенді өмір салты, дұрыс тамақтану, шындықты дұрыс қабылдау ұзақ өмір сүрудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Аға буын өкілдері қала басшылығының бастамасын үлкен ынта-жігермен қолдады.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы (БҰСО) үшін Желтоқсан даңғылы 29, Мәметов көшесінің қиылысындағы ғимарат таңдалды, бұл Алмалы ауданындағы қарт адамдар үшін үлкен басымдық. Орталықтың ашылу мерзімі 2018 ж маусым айына жоспарлануда. Ғимарат 300 кв.шаршы метр алатын 11 сотка жер, ғимаратта 500 адамды қабылдай алатын 12 кабинет бар. Орталықта ойын залы, кинозал, аудио кітапхана, акт зал, медкабинет, асхана тағы басқа бөлмелер болады. Орталықтың аумағында еңбек теропияға арналған жазғы алаң, ЛФК жаттығу алаңы, тағы басқалар қарастырылады. Сонымен қатар қарт адамдар өз бетінше egov бағдарламаларын пайдалана алатын компьютер біліктілігін үйретуге курстар ашылады. Сондай ақ ақ жаулықты аналар мен әжелерге арналған аспаз өнеріне машықтайтын курстар, медициналық курстар ашылады.

Орталық базасында еңбек жолын жалғастырып, өз тәжірибелерімен жастарға үйретем деуші зейнеткерлер үшін еңбек биржасын құру жоспарлануда.

Гүлмира Ералиева өз сөзінде атап өткендей, «бұл шаруа тек орталықты ашып қоюмен шектелмейді қаламызда белсенді ұзақ өмір сүрем деуші азаматтарға Әлеуметтік клубтар ашылады. Әлемде алғаш рет қолға алынатын Агро-краудсорсинг жобасы іске қосылады, бұл деген өнім өсіріп жинауға арналған қысқа мерзімге (6 ай) жер телімдерін (0,5сотка) бөлу. Сонымен бірге әлеуметтік туризм дамыту қолға алынады. Қаламыздың айналастына саяхат жасауға арналған маршруттар құрылады.

Осылайша Алмалы ауданы ардагерлері мен зейнеткерлері жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бір ауыздан мақұлдап қолдады.