03.05.2018, 04:06

Құлағы жанып кеткен: 41 жастағы әйелді сүйіктісі бензинмен өртеп жіберді

Огайо тұрғыны Джуди Малиновскийді сүйіктісі Майкл Селджер жанармай бекетінде үстіне бензин шашып өртеп жіберді деп жазады Life.ru.

Екеуінің арасындағы жанжалдан кейін жігіт 41 жастағы әйелдің үстіне бензин шашып, тұтатып жіберген. Сорақысы сол, әйел жанып жатқанда ер адам оны тамашалап қарап тұрған.

Малиновский ауруханаға денесінің 80 пайызы күйік шалып түсті. Саусақтары мен құлағы түгелдей жанып кеткен. Дәрігерлер әйелдің өмірімен екі жыл күрескенімен оны құтқарып қала аламады.

Сот залында Малиновкийдің дыбыстық хабарламасы тыңдалды. Сотталушы да бар айыбын мойындаған.