$ 443.37  474.49  4.83

МС Моди: Сайлаубекке пародия жасаған бойжеткен желіде хит болды (ВИДЕО)

Желіде Мөлдір деген атпен танымал болған бойжеткен МС Сайлаубекке пародия жасады. Рэпердің музыкасын айнытпай салып, сөздерін айна-қатесіз жаттап алған бойжеткен жұртты таң қалдырды.

Бұған дейін МС Сайлаубекке пародияны қаншама жанкүйерлері жасағанымен көпшілік аса талқыға салмаған. Мөлдірдің өзіндік қылығына қызықты ма екен жұрт видеоның астына екіұдай пікір қалдырып жатыр.

«Сайлаубекпен дуэт айтуға дайындалып жүрсің бе?», «Сайлаубекке алып беру керек бұны», «Түк жарасса бұйырмасын», «МС Моди шықты деші», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Мөлдір желіде «жататын пәтерім жоқ» деп танымал болған. Көпшілік, әсіресе, оның еркектермен таныса салып пәтеріне еріп кете салатынына таң қалады.

Былтыр Мөлдір жетім әрі мүгедек екенін айтып, Атырау қалалық әкімдігінен баспана сұраған. Кейін әкімдік дәл қазір үй беріліп жатпағанын айтып, оны кезекке қойғандарын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары