$ 494.87  520.65  4.91

Тағы бір танымал әнші Төреғали сияқты сахнада қариядан ұрыс естіп қалды (ВИДЕО)

Жас әнші Қанат Үмбетов сахнада тұрып, әріптесі Төреғали Төреәлі секілді қариядан ұрыс естіп қалды. Айтуынша қарт кісіні күзетшілер итеріп жіберіпті.

«Біз сені сыйлап келіп отырмыз. Әніңді сыйлап келіп отырмыз. Ал сенің күзетшілерің бізді итеріп жатыр. Біз сыйлап келдік. Сендер де бізді сыйлаңдар. Кешір, айналайын», – деп сөзін аяқтады қария.

Ал әнші болса үлкен кісіден қайта-қайта кешірім сұрап, сахнада тұрып басын иді.

«Аға, көреген азамат екенсіз. Кешіріңіз. Бірақ не істесем де, халық үшін істеп жатырмын», — деп әнші қарияның қолын алды.

Еске сала кетейік, былтыр Төреғали Төрелі Павлодардағы концертінде ақсақалға «еріккен сарт ... уқалайды» деп басы дауға қалған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары