Танымал қытайлық актер Джеки Чан 18 жастағы қызының лесби екенін білгеннен кейін үйінен қуып жіберген деп жазады Комсомольская правда.
Актердің Чжолиньнен туған некесіз қызы Этти 30 жастағы модель Энди Отпен кездесіп жүргендеріне біраз болған. Тіпті екеуі туыстарының қарсылығына қарамастан айрылмаған. Олар қазір Гонконгта тұрып жатыр.
«1 айға жуық үйсіз, далада қалдық. Кейде көпірдің астына түнеген кездеріміз де болды. Бізге бәрі қарсы шықты», – деп жазды Этти өзінің Instagram-парақшасына.
Актер сондай-ақ есірткі қолданғанын біліп, ұлы Джесимен де ара жібін мүлде үзген.