$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да жүкті әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастады

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданына қарасты Ушанов ауылының тұрғыны аборт жасату үшін азаматтық некедегі күйеуінен ақша сұраған. Ақша беру былай тұрсын, ер азамат жүкті әйелін ұрып тастапты. Өзін қорғамақ болса керек, келіншек күйеуіне пышақ сұғып алған деп хабарлады ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Әйел мен еркек үш жыл бойы бірге тұрып келген екен. Әуел баста бәрі жақсы басталған. Осы уақытта екі бала дүниеге келіпті. Бірақ соңғы кезде күйеуі ішкілікке салынып, әйеліне жиі қол көтеруді әдетке айналдырған. Әйелінің ғана емес, үйдегі кішкентай балалардың да мазасын алады екен. Күйеуінің таяғынан көз ашпаған келіншек үшіншісіне жүкті екенін білгенде аборт жасатпақ болған.

Әйелінің жүкті екенін ер азамат былтыр желтоқсан айында естіген. Абортқа ақша сұраған кезде араққа ақша таппай жүргенін айтып, жүкті келіншекті соққыға жығыпты. Кейін құрсақтағы баланың өзінікі еместігін айтып, тағы да күш көрсеткен. Шыдамы әбден таусылған әйел асхана пышағын алып, оның кеуде тұсына сұғып алыпты. Еркек оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Жүкті әйел әпкесіне хабарласып, болған жайтты өзі айтып берген. Артынша полиция шақыртыпты. Күні кеше осы іске қатысты сот аяқталып, айыптыға үкім шықты. Судья ерлі-зайыптылардың арасындағы болған жайтты ескере отырып, әйелге ең жеңіл жаза тағайындады. Ол енді алдағы 5 жылын жалпы режимдегі түрмеде өткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #пышақ #неке