04.05.2018, 09:14

Айыратын шығармын: Замира тіпті тойда да өзін қалай ұстауды білмейді екен (ВИДЕО)

Студияда аузына келгенін айтып, үнемі шу шығарып жүретін Замира Сұлтан тойда да өзін ұстай алмайтын көрінеді. Атышулы тележұлдыздың басқосудағы видеосы Facebook-парақшасына қызу талқыланып жатыр.

Шынар есімді «Қалаулым» қатысушысының туған күнінде той төрінде тілек кезегін алған Замираға қонақтардың бірі «айырасың ба бәрін?» деп сұрақ қойды. Алақ-жұлақ еткен тележұлдыз түк қысылмастан «айыратын шығармын» деп жауап беріп үлгерді.

Бұл ретте желі қолданушылары Замираға өзін кез келген ортада дұрыс ұстауды үйренуге шақырды.