$ 494.87  520.65  4.91

Көліктің есігін тістеп ашуды үйреніп алған арыстан туристердің зәресін ұшырды (ВИДЕО)

Бронвин Хаттинг есімді турист Оңтүстік Африкадағы Крюгер ұлттық саябағына барған кезде достарының көлігіне кіруге тырысқан арыстанды видеоға түсіріп алған деп жазады Stan.kz.

Бронвин таңғы беске жуық жол бойынан алты арыстанды байқағанын айтты. Ал оның басқа көлікте келе жатқан достары жыртқыштарды суретке түсіріп алуды шешкен. Автокөлік ақырын тоқтағанда жыртқыштардың бірі көлікке жақындап, тісімен есікті ашуға тырысқан.

«Тұтқаның ашылып, жабылғанын екі рет естідік. Ол бұрын да мұны бірнеше рет жасаған сияқты көрінеді. Жүргізуші есікті құлыптап үлгергендіктен ғана көліктің есігі ашылмады», – дейді Хаттинг.

Сәтсіздікке ұшыраған арыстан жүк көлігінің күшін тексеру үшін көлікті айналып өтті. Көліктің есігін ашпақшы болған жыртқыштың жанына тағы бір арыстан келгенде шошыған туристер тез арада кетіп қалуды ұйғарған.

Айта кетейік, Крюгер ұлттық саябағы Оңтүстік Африканың солтүстік-шығысында орналасқан. Оның аумағында шамамен 1,5 мың арыстан, 12 мың піл, 2,5 мың енеке, мың леопард және 5 мың мүйізтұмсық мекендейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары