$ 444.14  477.05  4.85

Ләйлә Сұлтанқызы жаңа көлігін көрсетіп мақтанды

Ләйлә Сұлтанқызы су жаңа көлігін көрсетіп мақтанды. Қуанышты хабарын тележүргізуші өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.

«Бірінші көлігім есіме түсіп отыр. Жасым 27-де. Тұрмысқа шықпаған кезім. Не үйім, не көлігім жоқ. Құны бес мың евро тұратын «Mitsubishi Dingo» көлігін алу үшін үш жылдай ақша жинадым. Рулі оң жақта болса да, сол көлікке алғаш отырғандағы сезімімді қазір де жеткізе алмаймын.

Қазір Құдайға шүкір тұрақты жұмыс орның болса, кез келген көлікті ала аласың. Мен негізі «Jaguar» мен «Range Rover» маркаларының амбассадорымын. Астананың «Terra Motors» компаниясының ұсынысымен көлікті болдым», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары