$ 443.35  475.54  4.82

Серікбол Сайлаубек жаңа бейнебаянына «толық қыздар» іздейді

Белгілі әнші Серікбол Сайлаубек «Оппа-оппа» әнінің бейнебаянына артық салмақты қыздарды шақырады. Мұнысымен әнші толық қыздардың да әдемілігін көрсеткісі келеді екен. Арнайы қойылған талап бар, ол – экран алдында ұялмайтын, жақсы билей алатын 30 жастан аспаған толық қыз болуы керек.

«Әзірге екі қыз Қытай елінен табылып отыр. Бір қызығы, бейнебаянға қатысуға орыс қыздары ниет білдіруде. Бірақ бізге азиат нәсілдегі толық қыздар керек», - дейді әншінің пиар-менеджері.

Оның айтуынша, толық қыздарды көбіне дене пішініне байланысты эфирден алып тастайды. Сондықтан бейнебаянға түсру арқылы бұл қалыптасқан стеоротипті бұзғысы келеді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары