Бейсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы "Жібек жолы" базарында полицияның "кісі тонады" деген күдікпен екі адамды ұстау операциясы кезінде атыс болып, бір күдіктінің оққа ұшқаны хабарланды.
Қалалық ІІД-нің хабарлауынша, екі күдікті полицияға қарудан оқ атқан. Атыс кезінде олардың бірі өлімші болып жараланып, екіншісі қолға түскен.
Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу-тексеру жүріп жатыр.