$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда баспана арзандады

Алматыда баспана бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға арзандады

Мәселен, ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткіште пәтердің шаршы метрінің құны 3,5 пайызға төмендеген.

Ал жыл басынан бергі баға айырмасы 8,31 пайызды көрсетіп отыр. Мамандар нарықтағы бұл өзгерісті әлемдік экономикадағы тұрақсыздықпен байланыстыруда.

“Басты себеп қарапайым халыққа қолжетімді ипотекалық несиенің болмауы. Отандық банктер девальвация уақытында несие беруді тоқтатты. Кейін доллармен қайта беруді бастағанымен, бұл банктен қарыз алушыларды екіұдай жағдайда қалдыруда. Сондықтан тұтынушылар несие алудан қашқақтайды”,- деді Қазақстанның бірлескен риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары