$ 494.87  520.65  4.91

Туған күніңмен, досым: Еркеш Шәкеев абақтыда жатқан бизнесмен досына жан тебірентерлік хат жазды

Белгілі композитор Еркеш Шәкеев өзінің Facebook-парақшасында абақтыда жатқан досы, бизнесмен Ескендір Ерімбетовке хат жазды. Оны туған күнімен құттықтап, қиын күндерде өзіне бекем болуға шақырды.

Сондай-ақ, жан тебірентерлік хатында Еркеш Шәкеев қайтыс болып кеткен ұлы Сафар мен досы, белгілі әнші Батырхан Шүкеновті де еске алады.

«Туған күніңмен, қымбатты досым! Өмірде нені армандасаң, соған жетуіңе тілектеспін. Сені абақтыға жаба алады, бірақ сенен қылмыскер шығара алмайды. Сағыңды сындыра да алмайды. Мен тірі тұрғанда сенің есіміңе ешкім дақ түсіре алмайды. Бүгінгі көріп жатқан қиындықтар үшін кейін Жаратушыға алғыс айтатыныңа сенемін. Өйткені мен сенің қандай адам екеніңді білемін. Саған қастандық істегендердің жамандықтары өздеріне айналып келетіндіктен емес, осындай қиындықты арқалап, жеңіп шыққан сенен шындықтың сәулесі көрініп тұратын болады. Сол үшін күресуің керек», - деп жазады композитор.

Хат соңында ұлы Сафар із-түссіз жоғалып кеткен уақыттарда қол ұшын берген досының жақсылығын ешуақытта ұмытпайтынын жеткізеді. Сондай-ақ, Сафардың өмірінің соңғы күндерінде жазып кеткен композициясын жүктеген. «Осы соңғы үш жыл ішінде өзіме қымбат жандардан айрылып қалдым» деген Еркеш Шәкеев кейде бұл қиындықтардың неліктен өзінде болып жатқанының жауабын іздейтінін айтады.

Айта кетсек, белгілі бизнесмен Ескендір Ерімбетов Мұхтар Әблязовтің БТА банкінен жымқырған қаражатына қатысы бар деген күдікпен 2017 жылы қамауға алынған. Сол кездері түрмеде зорлық көріп жүрген досының жағдайын айтып, Еркеш Шәкеев Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары