$ 494.87  520.65  4.91

«Үлкендердің ақылын тыңдау жабайы көрінеді»: Баян Алагөзованың қызы өз дегенімен жүргісі келеді

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек үлкендердің сөзін тыңдағысы келмейді екен. Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында жазды.

«Маған әрдайым жасымды айтып, "ақылгөйсіп" сөйлемеуге ескерту жасайды. Мұндай сөзді ең жақын адамдарымнан да естимін. Сол кезде "жастардың да өз көзқарасы, саясатқа байланысты айтар ойы жоқ дегенді қайдан шығардыңыздар?" дегім келеді. Бірінші үлкендер сөйлесін деп, аузымды жауып тұрғым келмейді. Өйткені мен олардың ойларымен толықтай келіспеймін. Мен мектепте де мұғалімдеріммен сөзге келіп қалатынмын. Өз өмірлерін жетістіре алмаған үлкендердің ақылын тыңдау мен үшін жабайы көрінеді. Үлкендерді сыйлаймын, бірақ ешкім аузыма қақпақ бола алмайды», - деп жазады Баянның тұңғыш қызы.

Есек салайық, Айсәуле Бақытбек бұған дейін өзінің үй жұмыстарына салақ екенін, соның салдарынан азаматтық некедегі күйеуімен ажырасып қайта қосылғанын да жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары