$ 494.87  520.65  4.91

Осы-ақ шаршатты: Атырауға бара салысымен ішкен-жегенін жариялаған Гүлзира Айдарбекованы жұрт сынап тастады (ВИДЕО)

Атырау қаласында Қайрат Нұртастың екі бірдей кешін өткізген Гүлзира Айдарбекованы жұрт тағы сынға алды. Продюсердің бар кінәсі – желіге ішкен-жегенін жарнамалауында.

Үлкен мейрамханалардың біріндеміз деген Айдарбекова тағамдардың түр-түрін көрсетіп, жарнамалаумен жүр.

«Атырау xалқы мықты күтуде. Атырауға келгенде Қайратымның Айдос досының бар болғаны, туған бауыры жүргендей сезімде боламыз. Жақсы адамдармен табақтас болған сайын қимас адамдарың да көбейе береді екен. Аман болайық, бар болайық!», – деп жазба қалдырған ол өзінің Instagram-парақшасына.

Ал желі қолданушылар Гүлзира Айдарбекованың болмайтын видеоларының әбден мезі болғандарын айтады.

«Осы-ақ шаршатты. Бізге не керек не ішіп, не жегені!», «Ішкен-жеген дастарханды түсіріп не мақсаты бар осының? Мақтану ма? Мынауыңыз тіптен ұят», – деп пікір қалдырды продюсердің жанкүйерлері.

Алайда кейбірі бұның ешқандай сөкеттігі жоқ екенін жазады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары