$ 448.15  483.46  4.86

«Жүруші едің ауылда»: Шымкенттіктер Замира Сұлтанға арнап клип түсірді (ВИДЕО)

Шымкенттік пародистер атышулы Замира Сұлтанға ән арнап, ролик түсірді. Бұл видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kz.eap деген тобында жарияланған.

«Сиыр сауып күнімен, вечерлерде түнімен жүруші едің ауылда сексен тоғыздарменен. «Қалаулымға» кеттің ғой, звезда болып шықтың ғой,
Маскаларын айырып, жігіттерді шулатып», - делінген әзілді әнде.

Ән арнаған жігіттердің кімдер екені әзірге белгісіз. Олардың бірі қазақ болса, екіншісі қара нәсілді ер адам. Бейнеклип үй жануарларының арасында түсірілген.
 
Айта кетейік, Замира Сұлтан көпшілікке «Қалаулым» бағдарламасы арқылы таныс. Экран алдында оғаш қылықтар көрсетіп танылған бойжеткен соңғы кезде әлеуметтік желінің жұлдызына айналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары