Қостанайда жоғалып кеткен Арман Жолданов табылды деп жазады Наша газета.
«6-мамыр күні кешкі сағат 18:00-де іздеуді бастағанбыз. Шамамен жарты сағат өткенде Арманның қызымын деп бір бойжеткен хабарласып, онымен бұл уақытқа дейін жалдамалы пәтерде болғанын айтты. Туыстарының да бұдан хабары жоқ. Телефоны да өшірулі еді», – дейді волонтер Ирина Ячменова.
Жолдановтың аман-есен екенін ағасы да мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Арман Жолданов 2-мамырдан бері із-түссіз жоғалып кеткен. Оның ағасы 3-мамырда полицияға арыз түсірген.