Атырау облысында екі ауыл мен бір ауылдық округ өз атауларын өзгертті деп жазады Қазақпарат.
«Ганюшкин кенті Құрманғазы ауылы болып өзгертілді, Дәшін ауылы - Хиуаз ауылы, Киров ауылдық округі - Жаңаталап ауылдық округі болып аталады», - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева.
Ә.Қыстаубаеваның айтуынша, облысымыздың 3 білім беру мекемесіне ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша жаңа атау берілді.
Атап айтсақ, Атырау қаласындағы №18 Н.Крупская атындағы орта мектепке Хиуаз Доспанова есімі берілсе, сонымен қатар, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне Сафи Өтебаев есімі және Мақат ауданындағы Доссор балалар өнер мектебіне Рыспай Ғабдиев есімі берілді.