Тікелей эфирде 3 баланың әкесі әйелінің өзге еркекпен бас қосып, балаларына хабарласпайтынын айтып, мұң шақты. Бұл туралы 7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында қонақ болған жалғызбасты әке Жақсылық Асқаров баяндап берді.
38 жастағы Жақсылық Асқаров 6 жылдан бері 3 баласын бір өзі асырап бағып отыр екен. Әйелі болса, басқа біреуді сүйіп қалдым деп 2012 жылы Астанаға кетіп қалыпты.
«Балалардың кішісі 2 жаста еді. Памперс алуға ақша жоқ. Тамақтарын зорға табатынмын. Өзім жуамын киімдерін. Жұмысқа да шыға алмай, кәдімгі қайыршы болып кеттім. Аналары жарты жылдан соң келіп, кіші баламды алып кетем деді. Олар киім емес қой бөліп алатын. Бермеймін дедім», – деді Асқаров.
Тікелей эфир барысында Айнагүл байланысқа шықты. Тұрмыс құрып, 1 бала сүйіп отырған ана көз жасына ерік берді.
«Мен қорқамын балаларды көруге барайын десем. Мені ұрады ол. Екі қабат кезімде де талай сабаған. Балалардың бәрін маған қарсы қойған. Көрсетпейді», – деді Айнагүл.
Тікелей эфирде Ләйла Сұлтанқызы Жақсылықтан көп көзінше Айнагүлдің балаларымен кездесуіне уәдесін алды.