$ 494.87  520.65  4.91

Шошқа ғана өз ұрғашысын қызғанбайды: Желіде қазақ жігіттерін «айғыр» болуға шақырған видео тарауда (ВИДЕО)

Қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдерімен көңіл қосуына жол бермеуге шақырған видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі astana_zello тобында жарияланды. Видео кейіпкері - қазақ жігіт өз замандастарын жылқы мінезді болуға үндеуде. Өз ұрғашысын тек шошқа ғана қызғанбайды дейді ол.

Оның айтуынша, қазақ жігіттері «айғыр» сияқты болуы қажет. Яғни, қасиетті жануар өз үйіріне басқа бірде-бір айғырды жолатпайды екен. Сол үшін қазақ еркектері өзге ұлт өкілінің жетегінде жүрген қыз-келіншектерімізді қызғануы керек дейді.

«Шошқа ғана өзінің ұрғашысын қызғанбайды. Біздің қазақтың қыздары түнгі клубта жүр ғой әркіммен. Басқа ұлт өкілдерін құшақтап, сүйісіп, көшеде жүрсе де біз қызғанбаймыз. Неге? Өйткені біз шошқа сияқты қалыптасып қалғанбыз. Ал, жылқы өзінің үйіріне бірде-бір айғырды жолатпайды. Міне, біз де өзіміздің қыздарымызды жылқы сияқты қорғауымыз керек. Өйткені біз айғырмыз, жылқымыз», - дейді ер азамат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары