Атышулы Замира Сұлтан 7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында қонақ болып, отбасы жайлы сұрақтарға жауап берді. Айтуынша жалғызбасты анадан бұрынғы күйеуі алимент төлемеу үшін балаларын тартып алған.
«Ол асыраймын деп айтып, балаларды әке-шешесінің мойнына жүктеп отыр. Ол өзі басқа әйелмен тұрып жатыр. Мен шешемнің үйінде тұрып жатырмын», — дейді Замира Сұлтан.
Айта кетейік, Замира Сұлтан бұған дейін бұрынғы күйеуінің өзге ұлт өкілінің азаматы екенін айтқан болатын. Тіпті, соңғы кездері ол қит етсе, қара нәсілділерге тұрмысқа шығамын дейтінді шығарған.