Астанада 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Мейіржан спорт кешенінен шығып, үйіне оралмаған. Ата-анасы полицияға шағым түсірген деп жазады Sputnik Қазақстан.
Анасының айтуынша, Мейіржан таңертеңгісін “Алатау” спорт кешеніне барған. Оқушы жүзу секциясына қатысып келген.
“Әдетте әкесі апарып, әкелетін. Бірақ бұл жолы бала ерте шыққан ұқсайды, мүмкін бапкерімен сөзге келіспей қалған шығар. Ал мүмкін бірнеше минутқа ерте шығып кеткен. Полицияға шағым түсірдік”, – дейді анасы.
9 жасар Мейіржан спорт кешенінен сағат 12.10-да шығып кеткен.
“Үстінде мектеп формасы, жеңі жоқ көк көртешесі бар. Басында көк бейсболка, Real Madrid деген жазуы бар, арқасында көк сөмкесі бар”, – дейді әйел.
Мейіржанды көрген жандар болса, полицияға хабар беруіңізді өтінеміз.