11.05.2018, 03:17

Екібастұзда салмағы 6 келі алып сәби дүниеге келді

Екібастұзда салмағы 5,9 келі алып сәби дүниеге келді деп жазады Tengrinews.kz.

Сәбидің анасы Олеся Бунинаның айтуынша, ол 23 сәуірде босанған. Нәрестенің есімі - Савелий. Оның салмағы - 5,912 келі, бойы - 69 сантиметр. "Жүкті болған кезімде, ішімнің үлкен болуына байланысты дәрігерлер баланың салмағы төрт немесе бес келі болатынын айтты. Алайда олар алты келі болатынын ойламаған. Сәби туғанда ол біздің ұлымыз ба? - деп бірнеше рет сұрадық. Ұлымыз осындай алып болатынына сенбедік. Туған сәтте ол бір айлық балаға ұқсас болды", - деді әйел. 

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. 

"Оның тәбеті өте жақсы, менің сүтім жеткіліксіз. Сол себепті қосымша сүт береміз", - дейді Олеся Бунина.

Бұл отбасындағы үшінші бала, жұптың он және төрт жастағы екі қызы бар.