$ 494.87  520.65  4.91

Қажылыққа барып келген Төреғали Төреәлі қызына діни есім қойды

Жақында ғана Бүркіт қызды боп, жұрт шуласып құттықтап, әріптестері де желідегі парақшаларына жарыса пост жариялаған. Ал Павлодардағы концерттен кейін басы дауға қалған Төреғали Төреәліге келгенде көпшілік сараңдық танытып, үнсіз қалды. Мұсылман парызын өтеп келген әнші үшінші қызына діни есім қойды. 

«Фатима деген жақсы есім. Біздің ұлы есімдеріміздің бірі. Өзі Меккеге барып келді. Сондықтан да бұл дұрыс бастама. Енді осыдан кейін бірден ұлдар келетініне мен сенімдімін. Алладан сұрағандай болып отыр ғой. Адам Алладан сұраса, құлшылық етсе, алдында бәрі жақсы болады деген сөз”, – дейді Мақпал Жүнісова 31 арнадан шығатын «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Фатима – араб тілінде «емшектен шығарылған» деген мағынаға ие. Ең алғаш бұл есім пайғамбарымыздың қызына қойылған деседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары