11.05.2018, 07:26

«Мен оны жақсы көрмей кеттім»: Луина продюсері Жомарт Сүлейменовпен неліктен ажырасқанын айтты

Белгілі әнші Луина бұрынғы продюсері, әрі азаматтық некедегі күйеуі болған Жомарт Сүлейменовпен неліктен айрылысып кеткенін айтты.

«Біз 7 жыл бірге тұрдық. Оған алғысымды білдіремін. Көп нәрсе үйрете білді. Біздің мінезіміз де бір-бірімізге жақсы келетін. Бірақ уақыт өте келе мен оны сүймейтінімді түсіндім, махаббатты сезіне алмадым. Осыны бірінші болып та айттым. Ара-қатынасымызды жақсартуға тырысып көргенімізбен ештеңе шықпады. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Сол себептен қазіргі уақытта жалғыз болғым келеді», - деді Луина «Время» газетіне берген сұхбатында.

Сүйіктісімен айырылысып кеткеннен кейін әнші төсін үлкейткен болатын. Көпшілік мұны продюсеріне ерегескендіктен осындай қадамға барды деген еді. Алайда, Луинаның өзі бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.

«Жоқ, бұл айтылғандармен келіспеймін. Жомарт біздің айрылысып кеткенімізді өз Instagram парақшасында ақпан айында жазған болатын. Ал мен одан өткен жылдың қараша айында кетіп қалғанмын. Егер ерегескен болсам, сол кезде де төсімді үлкейтуге уақыт болды. Сондай-ақ, бұған бұрынғы продюсерім, әрі азаматтық некеде болған күйеуім де еш қарсы емес еді», - деді әнші.