$ 443.85  474.3  4.8

Тойға келген жігіт 2 шөлмек арақты судай сімірді (ВИДЕО)

Кубокқа толтыра құйылған арақты сімірген жігіт жұрттың жағасын ұстатты. Тойхананың бірінде түсірілген бұл видео әлеуметтік желі арқылы кеңінен тарап кеткен.

Бейнежазбада көрінгендей, кубокқа екі бөтелке арақ құйылады. Артынша, алкоголь төрде тұрған жігітке ұсынылған. Ол болса көпшіліктің қолдауымен кубок толы арақты сіміріп ішіп алады. Осы кезде ар жақтан асабаның жігіттерді 20 жылдық мерейтойларымен құттықтаған сөзі естіледі.

«Ал, эстафетаны табыс етеміз! Келесі жылы 1982 жылғы жігіттер 20 жылдық мерейтойда аман-есен бас қосайық деген үлкен сенім білдіріп, сенім артып алтын жалатылған кубокты ұсынамыз! Ал, 82-лер құтты болсын», – дейді асаба.

Соған қарағанда бұл мектеп бітірушілердің кездесуі болуы мүмкін. Бірақ оқиғаның қай жерде болғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары