11.05.2018, 09:19

«Бәйбіше төсектен қажығасын мені әперді»: Телеарнаға сұхбат берген тоқал күйеуіне жас иіс іздеп жүргенін айтты (ВИДЕО)

43 жастағы Жеңісгүл Ермұхамед 2004 жылы Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған. Бүгінде 70 жастағы күйеуімен бір шаңырақтың астында тұрып жатыр. Айтуынша бәйбішесі ерінің төсек жаңартуға деген ықыласын өзі қолдапты.

Жеңісгүл 16 құрсақ көтерген. Қытай Республикасының заңына қайшы болғандықтан 8 баласын жер қойнына тапсырып, бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр.

«Жасы 70-те болғанымен мықты. Бәйбіше «ай бұл алады тоқал» деп отыратын кезінде «алсыншы, алшыншы» деп. Мен ол кезде жаспын ғой. Қалай күйеуін бере салады деп ойлайтынмын. Әбден қажыған боп тұр ғой. Сол сияқты мен де 40-тан астым. Қажыдым. Тоқал әперу керек. Ұят болса да айтайын, қазақ «Ер адам жас әйел алған құлпырып, желін сап алады» деді. Бала таптыру қабілеті артады», – деп көпбалалы ана студия қонақтарын бір күлдіріп алды.