$ 494.87  520.65  4.91

«Қайда?» деп шарқұрған Ерке Есмахан сүйіктісін тапты (ВИДЕО)

Танымал әнші Ерке Есмахан бірде Қазақстанның әр өңірінен «Қайда?» деп сүйіктісін іздесе, енді бірде қазақ жігітіне ғашықпын деп өзіне ынтызар ер азаматтарға үміт сыйлаған болатын. Бұл жолы Ерке ғашығын тапқан секілді. Бірақ, әзірше шынайы өмірде емес, өнерде. Қысқасы, эстрада жұлдызы «Аэропорт» атты су жаңа әніне бейнебаян түсірді.

Жаңа туындының сюжеті екі ғашықтың махаббатына құрылған. Ерке ашушаң бойжеткеннің рөлінде ойнайды. Сүйіктісімен араздасып, жол жүріп кеткен ол кейін татуласады.

«Анасы сәбиін құрсағында 9 ай 9 күн көтеріп, бірнеше сағат толғатып, Алладан дені сау, саналы ұрпақ тілеп, туады ғой. Дүниеге адам әкелу жаны нәзік әйел үшін – ерлік! Тура солай, өнер адамы жаңа туындыны дүниеге әкелу үшін идея мен жоспарын бірнеше ай ойында, жүрегінде көтеріп жүреді. Ойдан іске көшкенде нағыз “толғақ” басталады. Туынды дүниеге келген соң оның жарқын болашағына алаңдаушылық болады! Ертең менің кезекті жаңа әнім мен бейнебаяным “Гәкку” арнасы арқылы көрерменге жол тартады! Қобалжып жүрм”, – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары