Атышулы рэпер Жан Ахмадиев қазақ қыздарымен төсектес болуды ұнататын астаналық заңгерге ескерту жасады. Осыдан бірер күн бұрын Евгений Вожжов есімді елордалық адвокат өзінің Facebook-парақшасына қазақ қыздарының арын былғайтын жазба қалдырған болатын.
Қазақ қыздарына тіл тигізген Евгениді Жан Ахмадиев «малға» теңеген. Енді ол жезөкшелерді қамшымен сабауды қойып, астаналық заңгермен айналыспақ.
«Мына малдың «мүшесін» кесіп алып, «артына» тығып қою керек. Қазақ қызын қорлайтындай кімсің сен? Ендігі ісім сенімен болсын!», - деп жазды рэпер.
Айта кетейік, Евгений Вожжовқа бұған дейін КТК телеарнасының экс-басшысы, Қазақстан барысы жарысының негізін қалаған Арман Шораев та іздеу салған болатын. Заңгердің өзі болса Facebook-парақшасын бірлеулердің бұзғанын айтып ақталуда.