11.05.2018, 17:50

«Күйеуімнен таяқ жесем де сенің өлеңдеріңді тыңдай берем»: Ақылбек Жеменейге ғашық әйел кім?

Белгілі әнші Ақылбек Жеменейге жанкүйері сезімін білдіріп хат жолдады. Өзіне жан-тәнімен берілген адал жанкүйерінің барына шүкіршілік еткен әнші болса бір марқайып қалды.

Ақылбекке хат жазған келіншек күйеуінің қызғанатынын, қызғаныштан тіпті ұрып тастайтынын да айтқан. Алайда, соған қарамастан ол әншінің әндерін ерекше махаббатпен тыңдауын жалғастыра беретінін жазыпты.

«Сен сияқты әнді ешкім айта алмайды. Шынымды айтсам, қанша жерден тұрмыста болсам да, күеуімнен таяқ жесем де, сенің өлеңдеріңнен бас тартпаймын. Тыңдай беремін. Ол маған басқа өлең тыңда дейді. Бірақ мен неге екені білмеймін, бала күнімнен тыңдаймын сіздің өлеңдеріңізді», - деп жазады ағынан жарылған жанкүйер.

Ал Ақылбек болса осындай тыңдарманының барына мақтанып, бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жазды.