Жуырда ғана Мәскеуде ұсталып, үй қамаққа алынған қазақстандық танымал банкир Жомарт Ертаев сотта сөз сөйлеп, қазақ ұлтшылдары тарапынна қорқыту мен қосым көрсету жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы "Коммерсант" басылымы жазды.
"Олар Қазақстанның телекоммуникация нарығынан Ресейді ысырып шықпақшы. Егер қазір біз ТНТ арнасын жоғалтсақ, онда қазақстандықтардың келесі ұрпағы түрік сериалдарынан тәрбие алатын болады", - дейді банкир.
Яғни, оның пікірінше, қазақ жастарына Ресейдің антибатыстық идеологияға толы телебағдарламаларынан гөрі түрік сериалдары қауіптірек екен.
Айта кетейік, Жомарт Ертаев біраз уақыт бұрын Альянс-банк пен Еуразиялық банктерді басқарып келген болатын. Ол Bank RBK мен Qazaq Banki компанияларында директорлар кеңесінің кеңесшісі қызметін де атқарған. Сонымен қатар, "Алма-ТВ" компаниясының бас директоры еді. Қазақстандық құқық қорғау органдарының сұранысымен Ертаев 8 мамыр күні Мәскеуде ұсталды.