$ 494.87  520.65  4.91

Жаныңда мәңгі боламын деген едің... - Мәскеуде көз жұмған Томиристің анасы

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4 қабатынан құлап, көз жұмған Томирис Байсафарованың анасы әлеуметтік желіде аянышты жазба қалдырды. Қызына деген сағынышын білдірген белгілі стилист Жанна Ахметова, оның бұл өмірде енді жоқтығына әлі де сене алар емес.

«Сенің иісің, нәзік қолдарың, дауысың мен күлкің және маған жазған хаттарың әлі де жүрегімде сақтаулы. Сен маған өзіңсіз қалай өмір сүруді айтпай кеттің. «Өз бақшаңды құртпа» дегенің ғана бар. Жаныңда мәңгі боламын деген едің...Менің бар байлығым... Маған ауа едің, енді ол жоқ болды» деп жазады Жанна өзінің Instagram-парақшасында.

Желі қолданушылары қызынан қапыда айрылып қалған ананың қайғысына ортақтасып, бекем болуға шақырды.

Еске салсақ, Томирис Байсафарова Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен болатын. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз 20 күннен кейін көз жұмды. Бұл оқиғаға қыздың ұзақ уақыттан бері кездесіп жүрген дағыстандық жігітінің қатысы бар деген болжам тараған болатын. Өйткені сол сәтте Томирис пен жігіті сөзге келіп қалған екен. Бірақ басқа оқу орнында оқитын ол бойжеткеннің терезеден құлап кеткеніне өзінің еш қатысы жоқтығын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары