$ 442.05  474.14  4.74

Тойда іш киіммен «Қара жорғаға» билегендер жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО

Той  төрінде ұлттық биіміз «Қара жорғаға» іш киіммен билегендер жұрттың ашуына тиді. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі talanty_kaz тобында жарияланды.

Видеоның қайда түсірілгені белгісіз. Тек қазақтың тойы екені анық. Әдеттегідей асабаның ойын бағдарламасы болса керек, онда бірнеше жігіт ұятты жиып қойып, іш киіммен би билеп жүр.

Ал желі қолданушылары ер азаматтардың дәстүрімізге қайшы келетін әрекеттеріне ашуланып, ұрысып тастады.

«Ұят қайда? Сендерді де қазақтың жігіттері дейді-ау. Отан қорғайтын азаматтарымыздың түрі ғой мынау!», «Масқара, не боп бара жатырмыз?», «Асабаның істеп жүргені. Оңбайды бұлар», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары