$ 494.87  520.65  4.91

Омырауым жоқ. Күйеуге тисем ұят бола ма?

Ғалымдар адам бойындағы кемшіліктердің психикаға теріс әсер ететінін айта келе одан құтылу жолын да көрсетеді. Яғни таңертең оянғанда айнаға күлімсіреп, өзіңе махаббатпен қарау керек. Бұл теория жүзінде айтылғанымен оны практика жүзінде қолданатындар жоқтың қасы. Әсіресе, отбасында сырласары жоқ жандар, жан дүниесіндегі арпалыс, сансыз сұрақтардың жауабын әлеуметтік желілерден іздейді. Осындай тағдыр иелерінің бірі хатын Instagram әлеуметтік желісіндегі Үшбу хат тобына жолдапты. Автордың жазбасын өзгеріссіз ұсынып отырмыз.  

«Әпкелер, сіздерден сұрайын деген көкейімдегі бір ой мазалап жүр. Аллаға шүкір, отбасым аман, денсаулығым жақсы, табысым жақсы. Айтайын дегенім, менде мүлдем омырау жок. Омырауымнын тек қана ұшы бар. Кейде омырауымды ойлап жылаймын. Бұл сұрағым сіздерге күлкілі шығар, бірақ мен шынында де уайымдаймын. Алла қаласа, болашакта омырауыма операция жасатсам калай болады? Кандай операцияның түрлері бар, сол жағын түсіндіріп айтып кетсеңіздер. Болашақта тұрмысқа шығып жатсам, кішкене болсын омырауым болса екен деп армандаймын.

Күйеуімнің алдында әдемі болып жүріп, әйел бақытын сезінгім келеді.

Сіздерден сұрайтыным, өтініш, сөкпей, жақсы жағынан жауап берсеңіздер екен. Алла разылығы үшін?», – деп бойжеткен көптен кеңес сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары